Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – 31 қаңтар – 2 ақпан аралығында Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігі мен орталығында күннің жылуы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Өзбекстанда шоғырланған оңтүстік циклоны алдағы тәуліктерде Қазақстанның орталық аймақтарына жылжып, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс, орталық және солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауын тудырады. Бірақ жылумен бірге қар, бұрқасын, күшті екпінді жел, оңтүстік-шығыста жылбысқы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, циклонның артынан орталығы Карск теңізінде орналасқан суық антициклон келеді.
«Сондықтан жылу тез кезекті суытуға ауысады, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі ауа температурасы минус 35…40 градусқа дейін төмендейді», - деп атап өтті синоптиктер.
Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігі мен орталығында күннің жылуы күтіледі
