Алдағы үш күнде Қазақстанның төрт облысында күшті жел күтіледі

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – 15-17 қазанда Қазақстанның төрт облысында күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 15 қазанда, 16-17 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 15 қазанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 15 қазанда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
«15 қазанда Қостанай облысының батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 15 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 15 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: күндіз 15 казанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage