Алдағы үш күнде Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – 16-19 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Улкен Алматы (2500 метр жоғары биіктігіне) және Кіші Алматы (2100 метр жоғары биіктігіне) су алабтарында 16–19 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарда.

adimage