Алдағы үш күнде ҚР оңтүстігі мен батысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылдың 11-13 сәуірінде республиканың оңтүстігі мен батысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бұрынғыдай республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар кей жерлерде найзағаймен жаңбыр тудыратын болады. Ресейдің Еуропалық бөлігінен батыс облыстарына атмосфералық фронттар жылжуын бастап, онымен 12 сәуірде кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Ал Қазақстанның қалған аймақтарында осымен бірнеше күн жауын-шашынсыз жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон өз ықпалын сақтап тұрады. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көп жылдық мәннен 3…6°С жоғары күтіледі», - делінген хабарда.

adimage