Алдағы үш күнде Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі

Астана 22 тамыз. ҚазТАГ - Таяу үш күнде Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«23-25 тамыз күндері таңертең және түстен кейін Қызылорда облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады », - делінген бейсенбіде дауыл туралы ескертуде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 95-100% деңгейінде бағалайды.

adimage