Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын болады деп күтілуде

   Астана.7 маусым.ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен 09 маусымда солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл болады»,- делінген сәрсенбі күні таратылған ауа райы болжамында.
   Күндізгі уақытта 08 маусымда шығыста, 08-09 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін өте қатты ыстық сақталады, 08-09 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

adimage