Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы күтіледі

   Астана.5 маусым.ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы күтіледі,деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. 06 маусымда батыста, 07-08 маусымда солтүстік-батыста, 08 маусымда солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ болжанады. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы болады»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
   Күндізгі уақытта 06-07 маусымда солтүстікте, 06 маусымда орталық пен шығыста +41°С дейін, 08 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады. 08 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстықтың 22 + 30°С дейін төмендеуі күтіледі.

adimage