Алдағы үш тәулікке Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:34, 09-07-2019.

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікке Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі. 09 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ: 09 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. 9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41°С қатты ыстық күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
«9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық күтіледі. Күндіз 09 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36°, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 9 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 39°С қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41°С күтіледі. Тараз қ.: 10-11 шілдеде күндіз 38-40°С қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, күндіз 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
«Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: