Алдағы үш тәулікке Қызылорда облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:33, 25-09-2019.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдағы үш тәулікке Қызылорда облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 қыркүйекте таңертең және күндіз, 27-28 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: