Алдағы үш тәулікте Қазақстанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды

Астана. 20 қараша. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Арктикалық суық фронт оңтүстік бағытта жылжиды, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында температураның төмендеуі күтіледі. Ал солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті кезекті циклонмен 22-23 қарашада аяздың әлсіреуі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер түсіндіргендей, Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды.
«Түнгі ауа температурасы 28...32° аязға дейін төмендесе, күндіз минус 18…23° жоғары болған жоқ, бұл орташа көпжылдық мәннен 8…13°С төмен», - деп атап өтті «Қазгидрометтен».

adimage