Алдағы үш тәулікте Қазақстанға күшті аяз қайта оралады

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанға күшті аяз қайта оралады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін», - делінген 23-25 қаңтарға арналған жұма күні таратылған ауа райы болжамында.
Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі.

adimage