Алдағы үш тәулікте Қазақстанға кезекті салқын фронт келеді

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанға кезекті салқын фронт келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады», - делінген сәрсенбіде таратылған 23-25 мамырға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы климаттық нормадан 2...6°С төмендейді.
«Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді», - делінген хабарда

adimage