Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – 20-22 қараша аралығында синоптиктер Қазақстанда қар жауады, бұрқасын болады және екпінді жел тұрады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аймағы арқылы жылжып, қар жаууды, бұрқасынды және күшті батыс желін тудыратын болады. Сонымен қатар, Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына фронттармен циклон жылжыйды. Оның салдарынан мұнда сулы қар, тұман, көктайғақ және күшті соқпалы жел күтіледі. Бұл ретте Қазақстанның бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, орташа көпжылдыққа, ал солтүстік облыстарда одан жоғарыға жақын болады», - деп атап өтті синоптиктер.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қар жауады, бұрқасын және екпінді жел тұрады деп болжауда
