Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 8-10 қараша аралығында қар жауfды, тұман түсіп, көктайғақ болfды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Баренц теңізі аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге Қазақстанға арктикалық ауа массалары ауысады. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте күн суытып, қалыпты нормадан 3.....8°С төмен болады. Сондай-ақ, жауын-шашын, қар, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыс бағыттан жел есіп, түнгі ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде 20° аяз болуы ықтимал», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  

adimage