Алдағы үш тәулікте Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі

Күні: 14:38, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – 28 ақпан 2 наурыз аралығында Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда алдағы күндері көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік бөлікте жауын-шашын, арты қарға ұласатын жаңбыр, тұман, көктайғақ және күндізгі температуралар 5-18 градус жылыға дейін күтіледі. Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық мәннен жоғары күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: