Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт салқындайды

Күні: 16:01, 29-11-2018.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандықтарды 29 қараша - 1 желтоқсан аралығында күрт салқындау күтіп тұр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Алдағы үш тәулікте жылы ауа райынан кейін Қазақстанның басым бөлігінде cуытады. Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді. Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, қар жауу, бұрқасын, күшті батыс желін, оңтүстік жартыда – тұман және көктайғақ шақырады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: