Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн салқындайды, шығысында қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда жылы жаздық ауа райынан кейін суытады. Бұл Солтүстік Оралдан жылжыйтын суық арктикалық фронттармен байланысты болады. Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін. Ал Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр болуы және ауа температурасының аздаған төмендеуі мүмкін», - делінген дүйсенбіде таратылған 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамында.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн салқындайды, шығысында қар жауады
