Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн жылиды

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн жылиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш тәулікте Батыс Сібірден Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына ығысқан суық антициклон республиканың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарын суытады. Бірақ мамыр процесстері тұрақсыз, 17-18 мамырда солтүстік ауа ағындарының батысқа ауысуы және Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының тез көтерілуі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамында.

adimage