Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 6-8 қазанда жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Салқын атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
«Ал фронталды бөліктердің орнына келетін антициклонмен бірге күн де салқындайды», - деп атап өтті синоптиктер.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жаңбыр күтіледі
