Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жаңбыр және бұршақ жауады деп күтілуде

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жаңбыр және бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райыға оңтүстік циклон әсер ететін болады. Соның ықпалымен жаңбыр және бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел күшейеді. 7 шілдеде республиканың солтүстік-батысында, 7-8 шілдеде солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында, 8-9 шілдеде шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжануда», - делінген сәрсенбі күні таратылған 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, «Қзаақстанның батысы ғана батыс антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі».

adimage