Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды деп болжады синоптиктер

Күні: 15:21, 01-10-2018.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – 2-4 қазан аралығында Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері ауа райының жылы болуына әсер еткен антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық ауа ағындары өтіп, 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр жаууы ықтимал», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Болжамға сәйкес, республиканың батыс облыстарына антициклон ауысып, үсік жүреді.
«Кейін антициклон шығысқа жылжиды, соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы 0...5° дейін төмендейді», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: