Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашан күтіледі

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – 12-14 қазанда Қазақстанда жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күзгі ауа райына атмосфералық құбылыстардың жиі алмасуы тән. Алдағы демалыс күндерінде Қазақстан территориясы арқылы барикалық жыралар мен жоталардың бір-бірімен тез алмасуы күтіледі. Барикалық жыралар мен атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда кей уақыттарда жылбысқы қарға ұласады. Ал оның артынан таралатын биіктіктегі жоталар жауын-шашынның тоқтауын және кезекті суытуды әкеледі», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

adimage