Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашын және көктайғақ күтіледі

Астана. 24 ақпан. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Сібір антициклоны ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен тұман түсуі ықтимал. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақ әкелетін атмосфералық ағындар ығысуда. Бұл фронттарды Атлант мұхитынан келетін кезекті циклон әкеледі. Сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Ағындардың батыстан шығысқа көшуіне байланысты Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.

adimage