Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі», - делінген 6-8 желтоқсанға арналған дүйсенбі күні таратылған ауа райы болжамында.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
«Түнде 06 желтоқсанда Қарағанды, 07-08 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда», - деп нақтылады синоптиктер.

adimage