Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды жылы ауа райы қуантады

Күні: 12:23, 06-05-2019.

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды жылы ауа райы қуантады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Антициклонның ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз күндер күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күндіз ауа плюс 22…28°С дейін, кей жерлерде плюс 30…33°С дейін жылынады. Оңтүстік-шығыста жаңбыр тоқтайды, температура жоғарылайды. Тек батыс облыстарында атмосфералық фронттармен бірге найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі, бірақ бұл жерде де күндіз плюс 20...25, кей жерлерде 26…31°С дейін жылынады», - делінген 7-9 мамырға арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: