Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ - Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, шығыс бөлікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады
