Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – 13-15 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және тұрақсыз ауа райын сақтайды. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, тек еліміздің оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

adimage