Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – 4-6 қазан аралығында қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр ажуып, ауа температурасы төмндейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Үлкен антициклон Қазақстаннан кетеді. Ал республиканың батыс облыстарына атмосфералық фронттармен күздегідей суық және ылғалды кезекті ауа массасы басып кіреді. Қазақстан арқылы шығыс бағытында жылжып, суық фронттар бірінші батыс, ал 6 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда жаңбыр және температураның төмендеуін шақырады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз ала бұлтты ауа райы және температураның көтерілуі күтіледі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді
