Астана. 21 қараша. ҚазТАГ – 22-24 қараша күндері қазақстанның басым облыстарында қар жауады, бұрқасын болып, қатты жел тұрады, көктайғақ, деп хабарлады «Қазгидромет» рМК баспасөз қызметінен.
«Бұл күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғады, көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдегі белсенді циклонмен байланысты атмосфералық ағындардың өтуі кезінде байқалады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, жауын-шашын Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да күтіледі.
«Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, қар аралас жаңбыр күтіледі, ал 24 қарашада таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы ықтимал және батыстан күшті, екпінді жел соғады», - деп атап өтті синоптиктер
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облыстарында қар жауады, бұрқасын, қатты жел тұрады, көктайғақ болады деп болжануда
