Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз, жиі жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – 6-8 қараша аралығында Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз, жиі жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым облыстарында күзгідей жиі жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашын, сондай-ақ тұман және көктайғақ Батыс Сібір аймағынан жылжыйтын атмосфералық фронттармен байланысты болады. 8 қарашада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, әсіресе тау бөктері және тау белдеулерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы орташа көпжылдыққа жақын болжанады», - деді синоптиктер.


adimage