Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облыстарында жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – 23 - 25 қазан аралығында Қазақстанның басым облыстарында жылы және жауын-шашынсыз ауа рйаы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Ресейдің Еуропа бөлігінде ұзақ уақыт жылы ауа ұстап тұрған антициклон шығысқа жылжи бастады, және алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райын белгілейтін болады. Жылы және жауын-шашынсыз ауа райы республиканың көптеген облыстарында күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Болжамға сәйкес, Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында күндіз ауа плюс 15...20, кей жерлерде 23..25°С дейін жылынады, тіпті солтүстік, орталық және шығыс аудандарында температура плюс 5…15°С күтіледі, ол климаттық нормадан 3…8°С жоғары..


adimage