Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облысында қатты аяз күтіледі

Күні: 12:56, 24-12-2018.

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – 25-27 желтоқсанда Қазақстанның басым облысында қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжыйтын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз күтіледі. Тек батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5° жылыға дейін жоғарылауы күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: