Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды, тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – 5-7 желтоқсанда Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жылы және ылғалды атлантикалық циклондар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарына жылжуда. Ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының ауа райына ықпалын тигізеді. Сондықтан алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында жылбысқы қар және қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда екпінді батыс желі соғады, бұрқасын көтеріледі. Дегенмен, ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен жоғары күйінде сақталады.

adimage