Алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында ауа райы салқындайды

Күні: 18:20, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – 29-31 қазанда Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында ауа райы салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазан аяқталып келеді, онымен бірге жылы күндер де. Атлантикадан жылы және ылғалды ауа райы ала келетін батыс тропосфералық ағындар ақырындап солтүстік-батысқа өзгеруде. Сондықтан қазан айының соңғы күндері Қазақстанда алдымен батысында, сосын солтүстік облыстарында (...) климаттық нормаға дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, қазан айының соңында Қазақстанда алдымен батысында, сосын солтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.


Жаңалықтармен бөлісу: