Алдағы үш тәулікте Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, күн салқындайды

Күні: 12:51, 24-10-2018.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – 25-27 қазанда Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, күн салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады, ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
Синоптиктер нақтылағандай, максималды ауа температурасы плюс 8…15°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23, кей жерлерде плюс 28°С дейін болады деп күтіледі.
«Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін», - деді синоптиктер


Жаңалықтармен бөлісу: