Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр және күннің салқындауы күтіледі

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр және күннің салқындауы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталып тұрады», - делінген дүйсенбіде таратылған 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамында.
Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжануда.
«Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі», - деді синоптиктер.

Фото көзі: unsplash.com


adimage