Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бұршақ күтіледі, бірқатар облыстарда күн ысиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, шығыста кезең басында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман күтіледі», - делінген 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамында.
Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен желдің күшеюі болжанады. «Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, ал батыста және оңтүстікте кей жерлерде қатты ыстық күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34