Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – 19-21 ақпан аралығында Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы үш тәуліктегі ауа-райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөліктерінде қар, боран, екпінді күшті жел, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі
