Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр алып келеді. Республикамыздың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы батыс және оңтүстік аймақтарында болжанады, күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36…40°С-қа дейін көтеріледі», - делінген 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамында.

adimage