Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 13:11, 13-02-2019.

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – 14-16 ақпанда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Орталық Азия арқылы өтетін циклонға байланысты белсенді бұлт массиві Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкеледі. Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағындары ығысып, осыған байланысты елдің батысында, кейін орталығы мен солтүстігінде, 16 ақпанда шығыста қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, тропосфералық ауа ағындары (5 шақырым биіктікте) батыс және оңтүстік-батысқа бағытталып, ауа температурасы көптеген облыстарда климаттық нормада және одан +2+4°С-қа жоғары болады.


Жаңалықтармен бөлісу: