Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, солтүстігінде бұрқасын тұрады

Күні: 11:40, 21-01-2019.

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, солтүстігінде бұрқасын тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен Қазақстан территориясы арқылы атмосфералық фронттардың бірінен соң бірінің жылжуымен қар, оңтүстік өңірлерде жылбысқы қар, солтүстікте кей жерлерде бұрқасын, екпінді күшті жел күтіледі», - делінген дүйсенбіде 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.
Алдағы үш тәулікте республикада синоптикалық процестер айтарлықтар өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыстан тропосфералық ағындардың сақталуымен бұрыңғыдай ауа температурасын климаттық нормадан жоғары болады.
Гидрометеорологтар үш өңірде дауылды ескерту жариялады.
«22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Оралда 22 қаңтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады», - деп ескертті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 қаңтарда Түркістан облысында қалың қар жауады. 22 қаңтарда кей жерлерде тұман, төменнен сырма соғады, шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дауылды ескертуде.


Жаңалықтармен бөлісу: