Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде күн жылиды

Күні: 12:42, 12-12-2018.

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның оңтүстігінде күн жылиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Республика территориясы арқылы осы циклонның батыстан шығысқа жылжуы кезінде қар, оңтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Күндізгі температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста плюс 3…13°С градусқа дейін, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3…13°С градусқа дейін жоғарылайды, бұл климаттық нормадан 2…4°С градусқа жоғары», - делінген синоптиктер болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: