Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жылымық қар жауады, көктайғақ және тұман күтіледі

Күні: 12:56, 28-01-2019.

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылдың 29-31 қаңтары күндері Қазақстан өңірлеріне Каспийдің оңтүстігінде қалыптасқан циклон келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қаңтар айының аяқталуына небәрі үш күн қалды. Бұл күндері ауа райында елеулі өзгерістер болмайды. Әдеттегідей, қатты аяздан кейін күн жылдам жылынып, кейін қайта суытады. Алдағы тәулікте 35 градустық аяздар суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысады», - делінген хабарда.
Ал Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасатын циклон келеді.
«Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклон өзімен бірге республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылбысқы қар, көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталыққа қар, бұрқасын, екпінді жел және ауа температурасының жоғарылауын алып келеді», – деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: