Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 14:34, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – 15-17 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері Қазақстан арқылы көшкен атмосралық фронттар ауа температурасының жылынуына алып келді. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы қалыпты нормадан +3+12 градус жоғары болды. Алдағы үш тәулікте тағы да Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Орталық Азия аудандарынан фронттар ығысып келеді, соның салдарынан кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, батыстан екпінді жел тұрады, оңтүстік облыстарда жауын-шашынды, жаңбыр, жылымық қар, тұман және көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, фронттар өткеннен кейін ауа температурасы аздап төмендейді, дегенмен аталмыш кезеңдегі ауа температурасы нормадан жоғары болып қалады.


Жаңалықтармен бөлісу: