Алдағы үш тәулікте Қазақстанның шығыс және солтүстік облыстарында түнгі үсік сақталады

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – 25-27 мамырда Қазақстанның шығыс және солтүстік облыстарында түнгі үсік сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Мамырдың және көктемнің соңғы аптасы, бірақ ауа райы тұрақсыз, жиі жауын-шашын, найзағай және екпінді жел сақталады. Егер республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33°С көтерілетін болса, ал солтүстік және шығыс облыстарында түнде 3°С дейін үсік сақталады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, «бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің Европалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғыл және суық ауа массаларының келуімен байланысты болады, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді».

adimage