Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, күшті жел күтіледі

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – 13-15 ақпанда Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тағы да ауа райының нашарлауы күтіледі. Ресейдің Еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты республиканың солтүстігінде қар жауады, батыстан екпінді жел соғады. Бұрқасыннан жолдарды қар басып, көру мүмкіндігі нашарлайды», - делінген сәрсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, «оңтүстік және шығыс өңірлерге Орталық Азия аймағынан оңтүстік циклон келеді. Онымен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, шығыста қар мен бұрқасын күтіледі».
«Ауа температурасы көпжылдық мәннен 2…5°С-қа жоғары болады. Ал батыста – норма шамасында», - делінген хабарда.

adimage