Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында жауын-шашын және көктайғақ күтіледі

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - 7-9 желтоқсанда Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында жауыш-шашын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады. Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, алайда тұман мен көктайғақ сақталады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендейді. Соған қарамастан күн райы орташа көпжылдық мәннен жоғары күйінде қалады.

adimage