Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр және оңтүстігінде ыстық сақталады

Күні: 17:44, 22-07-2019.

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр және оңтүстігінде ыстық сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал аймағынан салқын және ылғалды ауаның келіп түсуі әлі де сақталуда. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге бұл өңірлерде найзағай мен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады», - делінген дүйсенбіде таратылған 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: