Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігіне салқын арктикалық фронт келеді

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігіне салқын арктикалық фронт келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі», - делінген жұмада таратылған ауа райы болжамында.

adimage