Алдағы үш тәулікте Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 16-18 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градус үсік сақталады. Өскемен қаласында 16 мамырда түнде 3-5 градус үсік сақталады. Семей қаласында 16 мамырда түнде 3-5 градус үсік сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда атап өтілгендей, 16 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталып, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Қызылорда қ.: 16 мамырда күндіз шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с сақталады.
«16 мамырда күндіз Түркістан облысының тауында найзағай, кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.

adimage